жексенбі, 23 ақпан, 2025 16:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Медицина қызметкерлерін қолдау: Нұртөре Жүсіп денсаулық сақтаудағы кәсіподақтың рөлі туралы айтты

Медицина қызметкерлерін қолдау: Нұртөре Жүсіп денсаулық сақтаудағы кәсіподақтың рөлі туралы айтты
Фото: senate.parlam.
ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдерімен кездесті.

«Медицина қызметкерлері азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етді және қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Алайда, олардың жұмысы бағаланбайтын кезі көбірек және жұмыс жағдайы да жақсартуды қажет етеді. Мемлекет дәрігерлердің алдында тұрған нақты қауіп-қатерді ескеріп, оларға лайықты жағдай жасауы тиіс және әлеуметтік қорғау мен лайықты еңбекақы төлеуді қамтамасыз етуі керек», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Сенатор жалақының төмендігі мен жүктеменің жоғарылығы денсаулық сақтау саласындағы басты мәселенің бірі болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, медициналық мамандығының күрделілігі мен жауапкершілігін ескеру үшін жалақы жүйесі қайта қаралуы керек.

Нұртөре Жүсіп сондай-ақ жалақыны көтеруден басқа, жұмыс орындарындағы қауіпсіздікке, дәрігерлерді тұрғын үймен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етуге назар аудару қажет екенін жеткізді.

«Сала мәселелерін талқылауда «AQNIET» кәсіподағы сияқты кәсіби бірлестіктердің маңызды алаңға айналғанына куә болып отырмыз. Олардың белсенді жұмысы медицина қызметкерлерінің мүддесін қорғауға және олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға ықпал етеді», - деп атапөтті депутат.

Тараптар кездесу соңында денсаулық сақтау жүйесінің өзекті мәселелерін талқылап, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар алмасты. Сенатор қолайлы еңбек жағдайын жасау және медицина мамандарының беделін арттыруда мемлекет, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар