дүйсенбі, 24 ақпан, 2025 4:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы елшісі Тимур Примбетов Аса Қасиетті Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы елшісі Тимур Примбетов Аса Қасиетті Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды
Фото: СІМ
Салтанатты шара Рим Папасының  резиденциясында өтті.

Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы елшісі Тимур Примбетов Аса Қасиетті Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты шара Рим Папасының  Domus Santa Marta резиденциясында өтті.

Сыртқы істер министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ресми қабылдау барысында Рим-католик шіркеуінің басшысы қазақ дипломатын Қазақстан Республикасының Ватикан мемлекетіндегі елшілігінің ашылуымен құттықтап, табысты және жемісті жұмыс атқаруды тіледі.

«Рим Папасы Франциск Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қаңтардағы Ватиканға ресми сапарының қорытындыларын жоғары бағалады және 2022 жылғы қыркүйектегі Қазақстанға алғашқы мемлекеттік (апостолдық) сапары аясында көрсетілген жылы және шынайы қабылдау үшін тағы да алғысын жеткізді», – делінген хабарламада. 

Кездесу соңында Рим Папасы Францискке Қазақстан Президентінің биыл қыркүйекте Астанада өтетін VIII съезіне арнаған жеке шақыртуы табыс етілді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар