сенбі, 22 ақпан, 2025 20:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Пойыз бағасы қымбаттайды

Пойыз бағасы қымбаттайды
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ
Қазақстанда пойыз билеті наурыз айынан бастап қымбаттайды.

Ұлттық тасымалдаушы 1 наурыздан бастап пойыз билетінің құны 7 пайызға өсетінін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Rail-news.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлімдегендей, жол ақының көтерілуі «Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 12-тарауы, 94-бабының 2-тармағына сәйкес іске асырылмақ.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2025 жылғы 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарына жол жүру тарифінің шекті деңгейінің өзгеретінін хабарлайды. Бұл өзгеріс жоспарлы индекстеу аясында, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес 7% мөлшерінде жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар