сенбі, 22 ақпан, 2025 10:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақшатаулық ағайынның арманы орындалды

Ақшатаулық ағайынның арманы орындалды
фото Қызылорда облысы әкімдігі
Қызылорда облысы,  Арал ауданына қарасты Ақшатау ауылындағы білім ордасының мәселесі шешімін тапты.  Ауылдан жаңа да, жайлы мектеп ғимараты салынып,  балғындар қуанышқа бөленді.

Бұған дейін аталмыш ауылда бұрынғы мектеп ғимаратының ескіргендігі оқушылардың сапалы білім алуына кері әсерін тигізіп келген болатын.  Себебі, оқушылар 1983 жылы балықшылар жатақханасы ретінде салынған  ескі ғимаратта оқуға мәжбүр болды.  Кейіннен ғимарат апатты деп танылған.  Бірақ жаңа мектеп салу мәселесі көтерілгенімен көп жылдан бері оң шешімңн таппады.  Соның салдарынан ауыл балалары қалқымалы понтон көпірі арқылы 25 шақырымлағы Аманөткед ауылындағы білім ұясына қатынап оқуға мәжбүр болды. Бұл жайында басылым беттерінде талай мәрте мәселе көтерілгені ел есінде болар.

Ақшатаулықтардың арманы биыл ғана жүзеге асырылды. Қызылорла облысы әкімінің ұйытқы болуымен ауылдан заманауи үлгідегі жаңа білім ұясы оқушыларға есігін айқара ашты.  

Арал ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі «Ақшатау» елді мекеніне арнайы аялдап, жаңа мектептің жұмысын көзбен көрді.  Білім ұясының сапасына жоғары баға берді.

Ауылдағы 60 орынға негізделіп салынғпн бұл білім ордасы спорт,  акт зал, асхана,  кітапханамен қамтамасыз етілген.  Сондай-ақ,  жекелеген пәндік кабинеттермен де жабдықталған.

Осы орайда айта кету керек,  бұғпн дейін балғындар ауылдағы бастауыш мектепке бейімделген ғимаратта білім алып, кейіннен аудан орталығында қатынап оқуға мәжбүр еді.  Жаңа мектептің салынуымен бұл мәселе де оң шешімңн тауып отыр.  Енлі ауыл балалары бұрынғыдай бастауыш сыныпты аяқтаған соң аудан орталығына сабылмай,  өз ауылында оқуын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Жалпы соңғы жылдары Сыр өңірінің білім саоасында тың серпін бар деп айтуға болады.  Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 10 мектептің құрылысы басталып, игілігін ел көре бастады.

Жыл басынан бері Жаңақорған ауданының «Жаңарық» ауылында, Арал қаласында 300 орындық, Жаңақорған кентінің «Саяжай» шағын ауданында, Қызылорда қаласында 600 орындық мектептер пайдалануға берілді. Жыл ішінде тағы 5 «Жайлы мектептің» құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар өткен жылы өңірде 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат ел игілігіне табысталса, «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» іске қосылды. Жыл ішінде Шиелі ауданында да «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» жұмысын бастайды.

Бұған қоса,  облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты мамыр айында, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты наурыз айында аяқталмақ. Сол сияқты биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынбақшы. Былтыр 3 млрд 100 млн теңгеге 8 мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілген.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен алдағы уақытта 1 300 мектепті жаңғырту мәселесі  көзделіп отырғаны белгілі. Осы ретте 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектепке жөндеу жұмыстары жасалатын болса, биыл оның  9-ына күрделі жөндеу жүргізу жоспароанып отыр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ

Қызылорда облысы

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар