жұма, 22 қараша, 2024 7:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан терроризм қаупі аз елдердің қатарына кірді

Қазақстан терроризм қаупі аз елдердің қатарына кірді
https://www.visionofhumanity.org/
Қазақстан терроризм қаупі деңгейі бойынша әлем елдері рейтингінде 89 орында тұр. Осылайша еліміз террор қаупі аз мемлекеттер қатарына кірді. Қазақстанмен бірге осынау орынды Әзербайжан, Қырғызстан, Дания, Кувейт, Эстония, Финляндия, Оңтүстік Корея, Мажарстан қатарлы мемлекеттер бөліскен.

Рейтингке әлемнің 163 мемлекеті енген. Бұл дегеніңіз дүние жүзі халқының 99,7 пайызы деген сөз. Рейтингті Terrorism Tracker және  өзге де дерек  көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып Экономика және бейбітшілік институты (IEP) жасаған. Global Terrorism Index  кешенді зерттеуі барысында 0-ден 10 ға дейінгі шкала бойныша ұпай беріледі. Ұпай неғұрлым аз болса, сол елде терроризм  қаупі соғұрлым төмен деген сөз.  10 ұпай  терроризм қаупінің  ең жоғары деңгейін білдіреді.  Зертетушілер  2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға 0 ұпай берген. Сөйтіп 89 орынға орналасыпты. Дегенмен 89 орынды әлемнің 75 елі бөліскенін де ескеру керек. Яғни рейцтингтегі 163 еммлекеттің 75-інде терроризм қаупі жоқ деген сөз.  Ал ең қауіпті елдер көшін Буркина Фасо бастап тұр. Онда терроризм қаупі деңгейі 8,571 деп көрсетілген.  Алғашқы ондыққа бұл елмен қатар  Израиль, Мали, Пәкістан,  Сирия, Ауғанстан, Сомали,  Нигерия, Мьянмар, Нигер мемлекеттері  кіреді.  Ресейде террор қаупі 3,016 ұпай,  Түркияда  4,168, АҚШ-та  4,141 ұпай, Қытайда 0,582 ұпай деп көрсетілген. Өзбекстанның өзінде терроризм қапуі азды-көпті сақталғанға ұқсайды. Рейтингте 76 орында және 0,423 ұпай берілген. Тәжікстанға 0,871 ұпай бар.

Рейтингті жасаушылар 2023 жылы  әлемде терроризм салдарынан болған өлім-жітім 22%-ке көбейіп, 2017 жылдан бері ең жоғарғы деңгейге жеткенін алға тартады. Зерттеу  барысында 8352 адамның теракт салдарынан  өлгені анықталған. Бір атап өтер жайт  террорлық шабуылдар саны азайған. Былтыр  террорлық шабуыл  деп танылған 3350 оқиға тіркеліпті. 2022 жылы әлемде 4321 теракт болған екен. Мұндай оқиғаның болғанын хабарлаған мемлекеттер саны да азайған. 50 елге дейін төмендеген. Алайда әр террорлық шабуыл қанқұйлы бола түсіпті. Көп жағдайда адам өлімімен аяқталады екен. Ал терроризм ошақтары Таяу Шығыстан  Африкадағы Орталық Сахель аудандарына қарай  жылыстай бастаған. Яғни Сахара шөлінің оңтүстігіндегі аймақтарда  терракт көбейіп,  терроризм салдарынан  болатын өлім-жітімнің тең жартысы осы аймақтарда тіркеліп жатыр.  

Рейтингте көш бастап тұрған Буркино Фасо  былтыр терроризм зардабын қатты тартты.  Онда террорлық шабуыл деңгейі 17%-ке төмендегенімен,  теракт салдарынан болатын өлім-жітім 68%-ке артқан.  Ал Иракта соңғы он жылдықта  қол жеткізілген ең жақсы  көрсеткіш тіркелді. Бұл елде  2023 жылы терроризмнің  кесірінен болған өлім-жітім деңгейі 2007 жылғы максималды көрсеткіштен  99%-ке азайып, 69 өлім тіркелді. Жылына жүздеген адам теракт құрбаны болып жататын Ирак үшін бұл тамаша көрсеткіш саналады.

Соңғы жылдары терроризмнің әсері  мейілінше концентрацияланған деңгейде болып тұр. Зерттеушілер  терроризмнің  кесірінінен тіркелген өлімнің 87%-і  он елдің ғана үлесінде екенін атап өткен. 2023 жылы тіркелген террактілердің 90%-тен астамы және  өлімнің 98%-і  қақтығыстар болып жатқан аймақтарда  тіркелген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар