Балжан Тұрлыбек жеті жасар Каринаның өліміне кінәлі деп танылды
- авторОймақ
- 18 наурыз, 2024
- 946
Жеті жасар Каринаны өлтіргені үшін өгей шешесі 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Балжан Тұрлыбек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі – «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша сотталды.
Еске сала кетейік, Карина Закураеваның өлімі қоғамды дүр сілкіндірген еді. Ол былтыр жазда Алматыда өлтірілген болатын: қыздың өліміне қатты соққылар себеп болған. Көршілерінің айтуынша, бала бірнеше рет зорлық-зомбылыққа ұшыраған, соңғы эпизод миға қан құйылуы мүмкін.
Соңғы уақытқа дейін Тұрлыбектің адвокаттары Каринаның нағыз өлтірушісі оның қатыгез әкесі деп айтып келген еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.