Қазақстан әскери қызметшілері Түркиядағы халықаралық оқу-жаттығуға қатысуда
- авторОймақ
- 1 ақпан, 2025
- 54
Қазақстан әскери қызметшілері Түркияның Карс провинциясында өтіп жатқан «Қыс-2025» халықаралық оқу-жаттығуына қатысып жатыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
«Қыс» оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі. Іс-шаралар жоспарлау және дайындық, бірлескен жаттығулар, сондай-ақ практикалық іс-шаралар секілді үш кезеңге бөлінген.
Оқу-жаттығу барысында «Ақбаба» полигонында қысқы жағдайда өмір сүру, командалық жоспарлау және қажетті шараларды жүзеге асыру мәселелері пысықталып жатыр.
Халықаралық жаттығуға Әзербайжан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Грузия, Египет, Италия, Моңғолия, Пәкістан, АҚШ және басқа да елдердің әскери қызметшілері қатысып жатыр.
Қазақстан Қарулы күштерінің Құрлық әскерлерінен жедел тобы басқару пунктерінде шешімдер қабылдау процесіне жұмылдырылды.
Бірлескен жұмыс басқару органдарының үйлесімділігін арттырып, қыстың қатаң жағдайында бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін сақтауға және олардың қозғалыс қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.