жексенбі, 2 ақпан, 2025 13:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа сот үкімі шықты

Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа сот үкімі шықты
gov.kz
Сот Мажағұлов пен Қанапиннен 1 миллиард 86 миллион теңге көлеміндегі  шығынды өндіру туралы шешім шығарды.

Сот Болат Мажағұловты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша кінәлі деп таныды. Оған Есіл өзеніндегі «Күн» субұрқағының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылды.

Сондай-ақ, экс-шенеунік өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды Және «Құрмет» орденінен айырылды. Мажағұлов жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Іс бойынша тағы бір айыпталушы, мердігер ұйымның өкілі Мәди Қанапин 3 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол мемлекет қаржысын жымқыру (ҚК 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы) және қылмыс жасауға жәрдемдесу (ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ сот Мажағұлов пен Қанапиннен 1 миллиард 86 миллион теңге көлеміндегі  шығынды өндіру туралы шешім шығарды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар