жексенбі, 2 ақпан, 2025 16:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада ер адам кранның төбесінен секірмек болған

Астанада ер адам кранның төбесінен секірмек болған
Фото: polisia.kz
Астаналық полицей құтқарып қалды.

Астаналық полицей 60 метрлік кранның төбесіне шығып, секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Астана полиция департаменті Сарыарқа аудандық жанындығы полиция бөлімінің жедел уәкілі  Руслан Байбөриев түнгі сағат 03:10 шамасында "102"-ге түскен қоңыраудан кейін оқиға орнына дереу жеткен.

Бірден баспалдақпен жоғары көтеріліп, суицид жасамақ болған жігітпен сөйлесіп, оны сабырға шақырды.  Сол сәтте оның сеніміне кіріп, қауіпсіз жерге түсірді.

Полицей ер адаммен сөйлесіп жатқан кезде оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері де жеткен. Жедел жәрдем қызметкерлері 35 жастағы азаматтың денсаулығын тексеріп, үйіне жеткізді.

Ол бұл әрекетін эмоцияның әсерімен жасағанын, салдарын ойламағанын мойындап, өмірін сақтап қалғаны үшін полиция капитанына алғыс айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар