бейсенбі, 30 қаңтар, 2025 0:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

МӘМС-ке артық төленген жарналарды азаматтардың қайтаруға құқығы бар

МӘМС-ке артық төленген жарналарды азаматтардың қайтаруға құқығы бар
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі айтты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне артық төленген жарналарды қайтаруға азаматтардың құқығы бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров министрден екі немесе үш жерде жұмыс істейтін адамдардың МӘМС жарна төлеу тәртібі туралы сұрады.

Егер азамат бірнеше жерде жұмыс істесе, жарна барлық жұмысынан төленеді. Бірақ ол бір жыл ішінде емханаға мүлде жүгінбесе, ақшасы пайдаланылмай қалады. Бұл әділетсіз. Әрбір азаматқа өз жарналарын бақылау, басқару және қандай медициналық қызметтерді пайдалана алатынын білу құқы берілуі керек. Бұл қаражатты қажет болған жағдайда өз ақшасы ретінде пайдалануға мүмкіндік берілуі қажет, - деді Ерлан Саиров.

Денсаулық министрінің айтуынша, сақтандырылған азаматтар қайткен күнде де медициналық қызметті тегін алуға құқылы. Алайда бірнеше жерде жұмыс істейтін адамдардың барлық жұмысынан жарна төленгенімен, оның көлемі белгіленген шектен аспауы тиіс.

Егер бірнеше жерде жұмыс істейтін азаматтардың жалпы жарнасы 850 мың теңгеден (10 еселенген ең төменгі жалақы мөлшері) асып кетсе, олар артық төленген соманы қайтарып ала алады. Ол үшін МӘМС-тің жергілікті филиалына өтініш жазып, үстіндегі қаражатты қайтаруға бүгінгі таңда мүмкіндігі бар. Бұл қаражатты жылдан жылға ауыстыра алмайды, – деді Ақмарал Әлназарова.

Бұл шара азаматтардың жарна төлеу әділдігін қамтамасыз етуге және артық төлемдерді бақылауға мүмкіндік береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар