Қазақстан елшілігі АҚШ-та жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады
- авторОймақ
- 27 қаңтар, 2025
- 49
Бұл туралы АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасаған.
«АҚШ билігі миграциялық саясатты барынша қатаңдатты. Қолға алған шаралар елге заңсыз келген шетелдіктерге және мигранттарға қатысты болып отыр.Қамауға алу және елден шығару сынды мәжбүрлеу шараларымен қатар, АҚШ-қа қайта кіруге шектеулер енгізіліп, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттар мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді жою қарастырылып отыр», – делінген хабарламада.
Қазақстан елшілігінің мәліметінше, қазіргі жағдай АҚШ-та заңсыз жүрген шетелдіктерге елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.