ТЖМ халыққа ескерту жасады.
Павлодар қаласының орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі мұз ойылып, әйел адам суға түсіп кетті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ол суретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ жұқалтаң мұз жарылып, әйел су астына түсіп кеткен.
– Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары, ауа райына байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз. Мұзға шықпауды өтінеміз. Өзіңізге және өміріңізге қауіп төндірмеңіз! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.