бейсенбі, 30 қаңтар, 2025 22:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кәсіби мерекелер тізбегіне өзгерістер енді

Кәсіби мерекелер тізбегіне өзгерістер енді
Жаңа кәсіби мерекелер қосылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы бұйрығымен кәсіби мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Тізімге мынадай жаңа кәсіби мерекелер қосылды:

Қаржы мониторингі органдары күні – 28 қаңтар.

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні – шілденің бірінші жексенбісі.

Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің екінші жексенбісі.

2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні.

Автокөлік қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі.

Жол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі.

Бухгалтерлік есеп және аудит қызметкерлерінің күні – 10 қараша.

Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің күні 13 желтоқсан.

Сонымен қатар тамыз айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Көлік қызметкерлері күні мерекесі Теміржол көлігі қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Тізімнен шығарылған мерекелер:

Ұлттық баспасөз күні – 2 ақпан;

Радио күні – 1 қазан.

Бұйрық 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар