сәрсенбі, 22 қаңтар, 2025 17:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Семей орманы» өртіне қатысты барлық қылмыстық іс аяқталды

«Семей орманы» өртіне қатысты барлық қылмыстық іс аяқталды
Фото: © istockphoto.com
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері де түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары «Семей орманы» өртіне қатысты барлық қылмыстық істі аяқтады. 

«Семей орманы»  МОТР» РММ өрттің сөндіруін қамтамасыз етпеген уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқталды.

Осылайша, Резерваттың бас директорының міндетін атқарушы мен Новошулбинск филиалының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберіліп, оның шешімімен фигуранттар 2024 жылғы мамырда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі), әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2024 жылғы тамызда Абай облыстық апелляциялық соты үкімді өзгеріссіз, сондай-ақ сотталғандардың, адвокаттардың және қорғаушылардың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды.

2024 жылғы қазанда келесі қылмыстық іс бойынша Семейдің №2 соты Резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығын абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық фактісі (ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі) бойынша мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 3 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. 

Сондай-ақ былтырғы жылғы қазанда Бородулиха аудандық сотының шешімімен "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК бас директорының міндетін атқарушысына қатысты шешім шығарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Осылайша, барлық кінәлі әртүрлі мерзімге сотталды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұсынуы бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері де түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Қадағалау ведомствосы орман және қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар