Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаттары Instagram-дағы парақшаларында ресми түрде мәлімдеді.
"Қайырлы күн, құрметті достар! Сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
2025 жылдың 17 қаңтарында біз тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама алдық. Бұл сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын білдіреді. Жұмысымыздағы маңызды кезеңдердің бірі артта қалды. Енді келесі маңызды кезең – қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз", – деп жазды адвокат Карина Көшербаева.
Алматы облысының Полиция департаменті де ресми мәлімдеме жасады.
– Өткен жылы 4 қазанға қараған түні болған кәмелетке толмаған адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта тараптарды сотқа дейінгі тергеу материалдарымен таныстыру процесі жүріп жатыр. Тараптар танысқаннан кейін қылмыстық іс оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін прокурорға жіберіледі, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.