Павлодарлық пансионатта мүгедектігі бар қарттарды азаптап келген
- авторОймақ
- 19 қаңтар, 2025
- 63
Прокуратура қызметкерлері жеке пансионатта қарттарды ұрып-соғып, алаяқтықпен айналысып келген қылмыстық топты ұстады. Сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысатын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Қалалық прокуратура полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.
– Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануын, қозғалысын шектеген, ұрып-соққан) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген, – деп мәлімдеді прокуратурадан.
Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.
ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске сала кетейік, Павлодарда пәтер өртеніп, зейнеткер көз жұмды.
https://kaz.inform.kz/news/pavlodarlik-pansionatta-mugedektg-bar-karttardi-azaptap-kelgen-4655a6/
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.