ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қаңтарда Жамбыл аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне хабарлама түскен. Қыздың айтуынша, Қарғалы ауылында тұратын құрбысы өмірмен есеп айырысуға ниетті.
Аталған мекенжай бойынша шақыртуға патрульдік полиция жасағы кезекшіліктегі Ернар Құттыбаев пен Нұрбол Картанбаев барды. Оқиға орнына келген полицейлер үйдің есігі құлыптаулы екенін анықтады.
Көп ойланбай, олар терезені сындырып, ішке кіруге шешім қабылдады. Бөлмелердің бірінде тәртіп сақшылары тамырларын кескен жас қызды тапты.
Полицейлер жәбірленушіні дереу түрде ауыр жағдайда ауылдық ауруханаға жеткізді. Бақытына орай, дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыра алды, қазір ол жалпы бөлімге ауыстырылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.