Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп газеттің мерейтойына арналған «Үлкен жолдың кезеңдері» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Ол Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың конференцияға қатысушыларға, ұжымға және газет оқырмандарына жолдаған құттықтауын оқып берді. Сенат Төрағасының құттықтауында Қазақстан журналистикасындағы дәл осы күннің маңызына тоқтала келіп, еліміздің ақпараттық кеңістігін дамыту, қоғамдық пікірді қалыптастыру және ұлттық мүддені қорғауға қосқан газеттің үлесін атап өтті.
«Казахстанская правда» газеті ғасырдан астам уақыт бойы ел өміріндегі аса маңызды оқиғалардың жаршысы болып келеді. Сіздердің ұжымдарыңыз әрдайым жоғары сапамен, жауапкершілікпен және журналистің биік мәдениетімен ерекшелене білді. «Казахстанская правда» – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңі мен тарихи жаңғыртулар және еліміздің өсіп-өркендеуі жолында қабылданған маңызды шешімдер шежіре болып қатталған іргелі басылым. Газет ұжымы қазіргі цифрлық технология дәуірінде де кәсіби біліктіліктің биігінен көрініп отыр. Сондай-ақ қоғамның өзекті мәселелеріне жіті назар аударып, сенімді ақпарат көзі ретінде ұлтқа қызмет етіп келеді», – делінген Мәулен Әшімбаевтың құттықтауында.
Белгілі журналист және медиаменеджер Нұртөре Жүсіп өз кезегінде бұл күн қорытынды жасаумен қатар басылым ұжымын жаңа кәсіби биіктерге құлшындыру мүмкіндігіне айналып отырғанын атап өтті. Сенатор сондай-ақ біздің елімізде және одан тыс жерлерде болып жатқан оқиғаларды шынайы және жан-жақты саралай отырып жариялайтын БАҚ өкілдері жұмысының маңызы туралы ойларын ортаға салды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Еділ Жаңбыршин Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды
- авторОймақ
- 22 қаңтар, 2025