"Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады" –ҚМДБ
- авторОймақ
- 16 қаңтар, 2025
- 73
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы кибербуллинг және қорлаудың кез келген түріне, соның ішінде ауызша және физикалық қорқытуға, сондай-ақ әлеуметтік оқшаулауға қатысты пәтуа шығарды.
«Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады. Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынады», – делінген ҚМДБ хабарламасында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.