Мәжіліс депутаты Гаухар Танашеваның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
- авторОймақ
- 14 қаңтар, 2025
- 43
Мәжілістегі "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының депутаты Гаухар Танашеваның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 4 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігі бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №27 қаулысының негізінде Гаухар Шаймерденқызы Танашева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын", – делінген хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Банкир Ержан Тәтішевті өлтірген Мұратхан Тоқмәди жаза мерзімін қысқартқысы келеді
- авторОймақ
- 14 қаңтар, 2025
Ақтөбеде кепілге алынған ерлі-зайыпты мерт болды: Бір адам тірі қалды
- авторОймақ
- 14 қаңтар, 2025