5 миллион өтемақы төлейтін болды.
Air Astana әуежайда қалдырып кеткен 12 жастағы Зеренің оқиғасына қатысты іс бойынша апелляциядан да жеңіліп қалды.
Бүгін Air Astana компаниясының өтінішін қарау аяқталды. Тасымалдаушы қыздың анасына берілетін моральдық өтемақыны бес миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін азайтуды сұрады.
Бірақ апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырған. Бұл туралы қыздың адвокаты Данильхан Шағатаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Енді сот үкімі бойынша, компания Зеренің анасына материалдық өтемақы ретінде бес миллион теңге төлеуі керек.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.