Наурыз, Ронни және Нэнси: Ақорда Президенттің асыл тұқымды тазыларын көрсетті
- авторОймақ
- 14 наурыз, 2024
- 392
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі былтыр Астанада Наурыз мейрамын тойлау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз есімді иттің суреті мен видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Tengrinews.kz тсілтеме жасап.
Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толған.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің фотографы Наурыздың серуен кезіндегі видеосын көрсетті.
Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.
"Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды. Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады", - делінген хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.