Бір ай ішінде сатылған 1846 пәтердің 691-і Ыстамбулда орналасса, 659 пәтер Анталияда сатылған. Үшінші орында шетелдіктерге 151 пәтер сатылған Мерсин қаласы тұр. Ал Түркиядан баспана алған шетелдіктер көшін орыстар бастаған екен. Ресейліктер 395 пәтер алыпты. Екінші орында 200 пәтер сатып алған ирандықтар тұрса, үшінші орынға 112 пәтер сатып алған ирактықтар орналасқан. Ал украиналықтар 105 пәтер сатып алып, тізімде төртінші орынға жайғасқан.
Жалпы қаңтар-ақпан айларында шетелдіктер Түркия қалаларынан 3907 пәтер сатып алыпты. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 48%-ке аз. Ал жалпы 2023 жылы түріктер шетелдіктерге 35 мыңнан астам баспана сатқан. Жылдық статистикада да ресейліктердің үлесі басым. Былтыр ресейліктер Түркия қалаларынан 10560 пәтер сатып алған. Ирандықтан болса 4272 пәтер алып екінші орынға шықса, 1917 пәтер сатып алған ирактықтар үштікті түйіндейді.
Oimaqnews
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024