сәрсенбі, 8 қаңтар, 2025 21:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"55 млрд теңге қаражат жемқорлардың қалтасына кете жаздады" - Антикор

"55 млрд теңге қаражат жемқорлардың қалтасына кете жаздады" - Антикор
Фото: gov.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 55 млрд теңге қаражат жемқорлардың қалтасына кете жаздағанын мәлім етті.

Мысалы, Солтүстік Қазақстанда 230 млн теңгенің заңсыз жұмсалуына жол берілмеген. Агенттік Петропавлда теледидар мұнарасына арналған жарықдиодты жабдықты монтаждау бойынша жұмыстарды сатып алу төтенше жағдаймен байланысты болмаса да, төтенше жағдайларды жою сылтауымен жүргізілгенін анықтады. Нәтижесінде шарт бұзылып, бюджет қаражаты қайтарылды.

 Қызылорда өңірінде облыстық филармония 300 қабырға суретін орташа бағасы нарықта 20 мың теңге болса да, 160 мың теңгеден сатып алмақ болған. Сол бағытта 48 млн теңге сұраған. 42 млн теңге артық сұраған. Антикордың ұсынысынан кейін сатып алу тоқтатылып, қаражат бюджетке қайтарылды.

Сол секілді Қарағанды облысында мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат 9 млн теңгеге 18 мың бөтелке ас сірке суын сатып алуды жоспарлаған. Бұл мекеменің қажеттілігінен едәуір асып түседі (барлығы 460 адам). Сонымен қатар, бір бөтелкенің бағасы 300 теңгеден 500 теңгеге дейін көтерілген. Бұл шығындарды 3,5 млн теңгеге арттырды. Антикор араласқан соң сатып алу рәсімі тоқтатылды, ал бюджет шығыны 9 млн теңгеге үнемделді.

Жалпы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 55,1 млрд теңге сомаға тендерлер артық бағаланып, оларға тосқауыл қойылған. Соның жартысы – 26 млрд теңге (немесе 47%) бюджетке қайтарылды. Қалған соманы тапсырыс берушілер қайта қараған. Жоспарлы баға төмендеп, осы ақша шеңберінде сатып алынатын тауар саны ұлғайған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар