сәрсенбі, 8 қаңтар, 2025 0:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

Мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды
Ulysmedia коллажы
Олар 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда.

Мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапановтың үстінен қозғалған тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтағанын хабарлайды. 

– Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда. 13 желтоқсанда бас прокуратура күдіктілерді сотқа берді, – дейді антикор.

Қожағапов былтыр наурызда ұсталғанын антикор хабарлаған еді. Ресми ақпарат бойынша, ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. “Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есе өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты” деген сол тұста антикор.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар