София алтын медаль жеңіп алды.
София Ақтаева семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде топ жарды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, рапирамен семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы София Ақтаева Фуджейра қаласында (БАӘ) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Қазақстан спортшысы Қытай елінің өкілі Чжихэ Тэден басым түсті.
Кездесу 15:13 есебімен аяқталды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.