Қазақстанда адам өлтірген қылмыскер Ресейден экстрадицияланды
- авторОймақ
- 30 желтоқсан, 2024
- 60
Қазақстанда адам өлтіріп, Ресейде қарақшылық жасаған қылмыскер ұсталып, елге экстрадицияланды.
Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасы мәлімдеп отыр.
“Кісі өлтірді деген күдікті Ресейден экстрадицияланды. Ол 2021 жылы наурызда Қостанай қаласындағы жәбірленушінің пәтерінде бірге арақ ішіп, өзара араздық салдарынан төбелескен. Жанжал соңы жәбірленушінің өлімімен аяқталады. Осы қылмыстан соң ол қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін Ресей сотымен сотталған.Елге жеткізілген күдікті тергеу изоляторына қамалды”, – деді ҚР Бас Прокуратурасының өкілі Асель Беркалиева.
Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін оған 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырыған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.