Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 5 жас ғалымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер кілті табыс етілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
«ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған шарада жас зерттеушілерге пәтер сертификатын ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин салтанатты түрде табыстады.
Жаңа пәтердің иесі атанған жас ғалымның бірі - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Молекулалық биология және генетика кафедрасының ғылыми қызметкері Әйгерім Қуанбай.
Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымы, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Амангелді 2 бөлмелі жаңа пәтердің иесі атанды. Бүгінде жас зерттеуші бидай дақылдарының потогенттерін анықтау бағытында ғылыми жұмыстармен айналысады», – делінген хабарламада..
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.