сәрсенбі, 1 қаңтар, 2025 17:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 25 адам аман қалған

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 25 адам аман қалған
Коллаж Ulysmedia.kz
Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 25 адам аман қалған, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

“Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды. Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда. Алдын ала аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді. Барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтылануда” делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай, оқиға орнына 22 жедел жәрдем бригадасы және 6 ЦМК (апаттық медицина орталығы) бригадасы жіберілген.

“Облыстық көпбейінді ауруханада 30 хирургиялық және травматологиялық профильдегі төсек-орын мен 10 реанимациялық төсек-орын дайындалды. Облыстық балалар ауруханасы 20 төсек-орын мен 10 реанимациялық төсек-орын дайындады. Қазіргі уақытта МОБ-қа 14 жарақат алған адам жеткізілді, қабылдау бөлімінде сұрыптау жүргізілуде. 14 адамнан 5-і ауыр жағдайдағы науқастар реанимацияға жатқызылды. ОДБ-ға 11 жастағы бала түсті, қабылдау бөлімінде тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ тағы 16 жастағы бір бала жеткізіліп жатыр” делінегн соңғы хабарламада.

Baza телеграм арнасы бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған адамдардың толық тізімін жариялаған.

Жарияланған ақпаратқа қарағанда бортта қазақстандықтар да болған. Ұшақтағы жолаушылардың денін Әзербайжан азаматтары, одан кейін Ресей, Тәжікстан, Қырғыстан азаматтары құрайтыны айтылады.

Ал Қазақстанның көлік министрлігі бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болғанын мәлім етті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар