Ұшақ апатынан 12 адам тірі қалған: Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілді
- авторОймақ
- 25 желтоқсан, 2024
- 49
Ақтау маңында Баку – Грозный бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Маңғыстау облыстық денсаулық басқармасының мәліметі бойынша, 12 адам тірі қалған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 12 адам түрлі жарақатпен Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Он екі адамның біреуі бала.
Ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болған.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс істеп жатыр. Апат орнына жеке құрамнан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты.
Ресейлік Baza телеграм-арнасының жазуынша, ұшақ бортында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары болған. Жолаушылардың басым бөлігі – Әзербайжан азаматтары болған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 25 адам аман қалған
Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде мұғалім мен тіс технигі есірткі дайындаумен айналысып, куәгерді өлтірген
- авторОймақ
- 27 желтоқсан, 2024