Нұрымов қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.
Адвокаттар марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін Қаржаубайдың хал жағдайын білу үшін Қонаев қаласына келдік. Қазір көріп, қолын ұстап амандасып шықтық. Бәрі дұрыс, дені сау, ешкім қысым көрсетпеген. Тамақ беріп жатыр, жылы жерде отыр. Құдай қаласа, 25 желтоқсан түнде бостандыққа шығады», - деді адвокаттар.
Еске салсақ, 11 желтоқсанда Қаржаубай Нұрымов қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.