Турнирдің матчтары ашық корттарда өтті.
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов АҚШ-тың Плантейшен қаласында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl жасөспірімдер арасындағы турнирде жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz olimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол жұптық сайыста жүлдеге ие болды. Финалда қазақстандық Әмір Омарханов пен ресейлік Тимофей Дерипаско швейцариялық Анри Берно мен чехиялық Денис Петак жұбын 3:6, 6:1, 10:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Orange Bowl бейресми түрде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты саналады. Турнирдің матчтары ашық корттарда өтті.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.