сәрсенбі, 18 желтоқсан, 2024 12:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялау үшін дауыс берді

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялау үшін дауыс берді
Фото: Yonhap
Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялау үшін дауыс берді
Импичментке елдің Ұлттық ассамблеясының 300 депутатының 204-і қолдау білдірді. Парламенттің 85 депутаты қарсы болды, тағы үшеуі қалыс қалды, сегіз дауыс жарамсыз деп танылды.  Импичмент жариялау үшін депутаттардың кемінде үштен екі бөлігінің қолдауы қажет болды. Импичмент туралы шешім оның кеңсесіне жеткізілгеннен кейін Юн Сок Ёль қызметінен босатылады, ал премьер-министр Хан Дак Су президенттің міндетін атқарушы болады. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы өткен аптада әскери жағдай енгізу әрекетіне қатысты Юн Сок Ёл мен жеті шенеунікті тез арада қамауға алуды талап ететін қарар қабылдады.  Сондай-ақ Оңтүстік Корея парламенті президент Юн Сок Ёльға қатысты айыптауларды тексеру үшін арнайы прокурор тағайындау туралы заң жобасын қабылдады.  Бұған дейін Оңтүстік Корея президентіне сапарға шығуға тыйым салынды. Елден шығуға тыйым салу Юн Сок Ёль жариялаған әскери жағдайға байланысты тергеу амалдары үшін қажет болды.  Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяның прокуратурасы президентке қарсы мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағып отыр. Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі де мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен қамауға алынды.
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар