Алматы облысының прокуратурасы Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.
«Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын екенін хабарлайды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды», - делінген хабарламада.
Қазір құқық қорғау органдары сараптама нәтижесін күтіп отыр. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін процес қатысушылары іспен танысып шығады.
Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеу және Нұрқанат Ғайыпбаевтың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істердің тергелуін Бас прокуратура өз бақылауына алған.
Алматы облысының прокуратурасы азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, уәкілетті органдардың ресми мәлімдемесіне ғана сенуге шақырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Прокуратура тұрғындарды заңсыз митингілерге қатыспауға шақырды
- авторОймақ
- 11 желтоқсан, 2024