жексенбі, 10 қараша, 2024 14:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады.

Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады.
фото: әлеуметтік желіден алынды
Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады.

Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Premium YouTube-парақшасының иелері видеоларды жарнамасыз және фон режимінде көре алады, интернетке қосылмай көру үшін бейнелерді сақтай алады және басқа да бірқатар мүмкіндіктерге ие болады.

Қазақстандықтарға YouTube Premium-ге жазылудың бірнеше нұсқасы ұсынылады. Яғни жеке, отбасы және студенттерге арналған. Бұл туралы бүгін Цифрлық даму, и нновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды.Онда:

Сүйінші жаңалық!

⠀Өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабына жұмыс сапары барысында мен Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездесіп, сервистің Қазақстанда іске қосылуын талқылаған едім.

⠀Ал бүгін мен сіздермен керемет жаңалықпен бөліскім келеді. Қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам.

⠀Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қол жетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

⠀Сонымен қатар, қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде екенін атап өткім келеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар