Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Азия чемпионатының финалына шығып, алтын медаль жеңіп алды.
+92 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбек Оралбай финалда қытайлық Абудурешити Ремуламен кездесу өткізді. Нәтижесінде Айбек Оралбай Қытай боксшысын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді. Айбек Оралбай 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын.
Қазақстан ерлер құрамасы бұл Азия чемпионатында 4 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлде еншіледі. Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айбек Оралбай (+92 кг) чемпион атанды. Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг) күміс медаль иеленсе, Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола медальді қанжығасына байлады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Өскеменге жаңа әкім келді
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
- авторОймақ
- 11 желтоқсан, 2024