Қоғам
Қызылордалық полицейлер екі тұрғыннан 2038 киік мүйізін тәркіледі
- авторОймақ
- 8 желтоқсан, 2024
- 107
Қызылордалық полицейлер екі тұрғыннан 2038 киік мүйізін тәркіледі
Қызылорда облысында полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін сатумен айналысқан екі тұрғынды қолға түсірді.
Бұл бағытта Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
- Іс-шара барысында Арал ауданы Сексеуіл кентінде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлардың дериваттарды сатумен айналысатын адамдар құрықталды. Олардан 2038 дана киікті мүйізі, электрондық өлшегіш таразы және 2 көлік құралдары тәркіленді. Ұсталғандар тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.