Республикалық адвокаттар алқасы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа “Кәсіби шеберлігі үшін” медалін табыстады.
Бұл марапатқа Buzyq телеграм-арнасының мәліметі бойынша – алқа төрағасының орынбасары әрі Нүкеновтер отбасының адвокаттарының бірі Игорь Вранчев ұсынған.
“Бұл марапат – еңбегім мен жетістіктерімнің белгісі. Сонымен қатар адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау жолындағы қызметімді ары қарай жалғастыруыма шабыт сыйламақ”, — деп атап өтті Ерлан Ғазымжанов.
Айта кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаевты адвокат Лейла Рамазанова, Назкен Құсайынова, Ерлан Ғазымжановтар қорғаған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.