
Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне 34 мың әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Әлеуметтік көмекті елорданың көпбалалы аналары алады.
«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен аналарға – 34 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді», - делінген хабарламада.
Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы аналарға беріледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Президент Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025