Депутат қымбатшылыққа байланысты балаларына жарық пен суды үнемдеуді үйрете бастаған.
- авторОймақ
- 4 желтоқсан, 2024
- 34
Мәжіліс кулуарында Qaz365.kz тілшісі депутаттан «Қымбатшылық сізге қалай сезіліп жатыр?» деп сұраған екен..
«Орысша айтқанда «крик души» дейді ғой. Мен қаржылық сауат маманы болғаннан кейін барлық нәрсені өзім есептеймін. Коммуналдық қызметтің өзі мәселен, 31 пайызға қымбаттаған екен. Қараша айында төледім. Былтырғы қараша мен қазіргі қараша салыстырсақ солай. Үйдегі балаларыма да «суды үнемдейік, жарықты үнемдейік» деп айта бастадым. Үнемдеуге келе жатырмыз. Тамақ та қымбат. Орташа айлықтың статистикаға сүйенсек, қателеспесем, 56-58 пайызын азық-түлікке жібереміз», - деді Дәулет Мұқаев Парламентте.
«Қандай тауарлардың қымбаттағанын тұтынушы ретінде сезіндіңіз?» деген сұраққа Мұқаев «бірінші кезекте бәрін» деді.
«Одан кейін жылу. Ұялы телефонның да тарифі едәуір қымбаттады. Сапаны арттырамыз деп тағы да қымбатшылық жасап жатыр. Яндекс таксидің өзі қымбаттап кетті. Бұрын 800 теңгеге баратын жеріме қазір 1400-1500 теңге төлеп жүрмін», - дейді депутат.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Әйгерім Сәттібаева жартылай финалға шықты
Ұқсас жаңалықтар
Еділ Жаңбыршин қазақтың жігіттерін сынап, қыздарды қорламай, керісінше қорғауға шақырды
- авторОймақ
- 4 желтоқсан, 2024
Елімізде интернетпен қамтылмаған қанша мектеп бар – министр пікір білдірді
- авторОймақ
- 3 желтоқсан, 2024