сәрсенбі, 4 желтоқсан, 2024 12:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елімізде интернетпен қамтылмаған қанша мектеп бар – министр пікір білдірді

Елімізде интернетпен қамтылмаған қанша мектеп бар – министр пікір білдірді
фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтылды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қанша ауыл мектебі интернетсіз отырғанын және қанша ауыл мектебінде дәретхана сыртта орналасқанын мәлімдеді.

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында қазіргі таңда Қазақстанда қанша ауыл мектебі интернетсіз отырғаны және қанша ауыл мектебінде дәретхана сыртта орналасқаны жайлы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтен сұралды.

Министрдің айтуынша, бүгінде жоғары жылдамдықтағы сапалы интернетпен мектептердің 85 пайызы қамтылып отыр. Ал 94 мектепте мұндай мүмкіндік жоқ.

«Алыс шалғайдағы 94 ауылда қазір жылдамдық осындай сапалы интернетпен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Ол мәселе Цифрлық даму министрлігімен шешіліп жатыр. Оның басты себебі – 94 мектеп шекаралық аймақта орналасқан мектептер. Ол жерге Starlink-ті жеткізіп көргенбіз. Бірақ шекарада орналасқаннан кейін оның жұмыс істеуінде кедергілер бар екенін көрдік. Мұны басқа жолмен шешу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді минситр. 

Сондай-ақ министр қанша ауыл мектебінде дәретхана сыртта орналасқанын, оған не себеп екенін де айтты.

«Бұған дейін мен айтқан едім. 10 ғана мектептің дәретханасы ішке кіргізілмеген. Бұл мәселе де шешілді. Дей тұрғанмен, менің қолымдағы ақпарат бойынша әлі де біраз мектептерде ішкі дәретханалармен бірге сыртқы дәретханалар да сақталып отыр. Оған әкімдіктердің уәжі – әртүрлі форс-мажор жағдайлар болған кезде ол жаңа дәретханалардың уақытша болсын белгілі бір мәселелерді шешуге көмек беретіндіктен қалдыруды сұрап отыр. Кей өңірлердегі мектептерде ішкі дәретханамен қатар сыртқы дәретхана сақталуы бар екенін білеміз. Олардың да қауіпсіздігі, тазалығын басқа жағынан да қадағалауды тапсырып отырмыз», - деді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар