бейсенбі, 12 желтоқсан, 2024 1:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Кейін Мерей екеуміз барып, тағзым жасаймыз". Мақпал Жүнісова ескерткіштің ашылуына неге бармағанын түсіндірді

"Кейін Мерей екеуміз барып, тағзым жасаймыз". Мақпал Жүнісова ескерткіштің ашылуына неге бармағанын түсіндірді
фото: скрин
Кеген ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған бюст ашылды.

Алматы облысы Кеген ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған бюсттің салтанатты ашылуына қатыспаған Мақпал Жүнісова бұл шешімінің себебін өзінің Instagram парақшасында түсіндірді, – деп хабарлайды Oomaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің еңбектерін жинақтап, екі кітап шығарғанын атап өтті. Осы уақытқа дейін ол кітаптардың жартысын Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында, сондай-ақ қайтыс болғанына 19 жыл толған күні құран бағыштау кезінде таратқан. Қалған даналарын Нұрқаділовтің туған жеріне жібергенін хабарлады.

Сонымен қатар, ол Instagram-да ескерткіштің ашылу рәсімінен видео жариялап, «Неге қатыспадыңыз?» деген сұраққа жауап берді. Әнші бұл шешімді Нұрқаділовтің өзін «көргісі келмейтін ұрпақтарының» қатысуы үшін қабылдағанын айтты.

«Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім, кейін Мерей екеуіміз барып тағзым жасаймыз, тегін концертті Зәкеңнің рухына бағыштаймын деп отырмын», – деп жауап берді Мақпал Жүнісова.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар