жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 20:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

11 бала жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны: тексеру жалғасуда

11 бала жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны: тексеру жалғасуда
www.istockphoto.com
Павлодар облысындағы балалар үйлері тексерілуде.

Тіпті, балалар үйінде медициналық тексеру жұмыстары жалғасуда. Әзірге тек 10 жасқа дейінгі балалар медициналық тексеруден өтіп жатыр.

“Еуразия” арнасының хабарлауынша, басында жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны 6 деп анықталған. Қазір жағдай 11-ге жетті. Бір жағдайдың өзінен бірнеше жан зардап шеккені анықталды. Мәселен, бір отбасында әр уақытта асырап алынған төрт бала зорланған. Оны істеген – сол балалардың анасымен бірге тұратын ер адам.  Бұл жағдайдан кейін кәмелетке толмаған балалар отбасынан алынды. 

“Балаларды отбасынан алып алғаннан кейін балаларды мұқият медициналық тексеруден өткізу керек. Суидцид жасаған балалар да медицина мамандарымен жұмыс істеуі керек. Майқайыңдағы 6-сынып оқитын қыз өзіне қол салмақ болған”, – дейді облыстағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова.

Полиция 8 жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал 3 жағдайдың құрамында қылмыстың құқық бұзушылықтың бар-жоғы анықталуда. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар