жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 20:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Телефонын бермегені үшін" досы пышақтаған: оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

"Телефонын бермегені үшін" досы пышақтаған: оқушы жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: istockphoto.com
Күдіктіні тәртіп сақшылары тергеп жатыр.

Ақтөбеде пышақ жарақатын алған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр. Оны телефонын бермегені үшін қатарластары пышақтап тастаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz сайты  КТК арнасына сілтеме жасап.

 «Санының төменгі үштен бір бөлігі жарақаттанған. Тамырға зақым келмеген. Жанама беткей тамырлары зақымдалған. Түскен кезде ота бөлімінде алғашқы өңдеу жасалып, жарақатына тігіс салынды. Айтуынша, танымайтын үш-төрт бала телефон сұраған. Бұл телефонын бермеген. Пышақтаған, сосын қашып кеткен», - деді Ақтөбе облысы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Рақымжан Әубәкіров.

Оқиға Ақтөбе шетіндегі Оңтүстік-батыс ықшамауданында болған. Оқушыға пышақты өз үйінің қасында салыпты. Күдіктіні тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Ол қаладағы колледждердің бірінің студенті екен. Бұрын бір мектепте оқыған. Жарақат алған жасөспірім оқитын мектеп басшылары екеуінің дос екенін айтады. Санына пышақты «абайсызда салып алды» дейді.  Полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Бірақ тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын ашып айтпай отыр.

 «Өзінің досы, ойнап, көріп алған да, сол жерде жерге қадап отырғанда тізесінің үстіне қадалған. Сол ғана. Бала жақсы. Ата-анасы, барлығы хабардар. Бұл жағдай абайсызда болған», - деді Ақтөбедегі №10 мектеп директоры Индира Бексұлтанова.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар