жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 20:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жақсылық Омар әкім қызметінен кетті

Жақсылық Омар әкім қызметінен кетті
фото: ашық дереккөз
Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлім етті.

Жақсылық Омар Өскемен қаласы әкімінің қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлім етті.

“Алты жыл деген аз уақыт емес, көп те уақыт емес. Осы аралықта сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суыға тоңып шама-шарқымыз келгенше қызмет атқардық. Ұзақ сөйлемей, қысқаша қайырып айтатын болсам, қала басшысы лауазымымдағы қызметім, тәмамдалуда. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Өз басым осынау көрікті шаһар – Өскемен қаласының тұрғындарына, яғни сіздерге, ел басшылығына маған сенім білдіргендеріңізге ризашылығымды айтқым келеді” деді ол.

Ол бұл қызметті 2018 жылғы тамыздан бері атқарған.

Оның алдында әр жылдары Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар