Түрік фирмалары жобалап, жасап шығарған қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің ішінде мотордан бастап, алыстан басқарылатын атыс жүйелері, әуе қорғанысы кешендері, радиоэлектронды күрес құралдары, түрлі снарядтар мен бомбалар, ұшқышсыз ұшатын құралдар бар. Атап айтқанда Түркияның күш құрылымдары екі жыл ішінде Kızılelma, ANKA 3, BAYRAKTAR DIHA BAYRAKTAR TB3, AKINCI-C TİHA, UÇBEY VTOL İHA тәрізді дрондарды күнделікті қолдануға қабылдайды. Олардың арасында AZAB-500 бен ALPAGU камикадзе дрондары да бар. Сонымен қатар ATAK-2, T-625 GÖKBEY тікұшақтарын, HÜRKUŞ-C ұшағын да түрік өндірушілері армия мен өзге күш құрылымдарының пайдалануына бермек. Сонымен қатар ASELSAN Gökberk және ALKA лазер қаруларын, KORAL-2 радиоэлектронды күрес құралын және MURAD AESA радарын, Aselsan жасаған радар сәулесін жұтатын қаптамаларды, TS1400 тікұшақ моторын, TEI-TF600 моторын, BATU-1500 танк моторын, DELTA-V ғарыш зымыраны қозғалтқышын, RAMJET қозғалтқышын, TEI-TF10000 моторын пайдалануға бермек ниеті бар.
Сондай-ақ, «үйрілі дронды» басқару технологиялары, жетілдірілген танк сауыттары, әуе қорғанысы кешендері, соның ішінде жақын қашықтыққа арналғаны, кемеден атылатыны тәрізді түрлері бар кешендер де екі жыл ішінде түрік армиясына беріледі. Түріктер сонымен бірге STM500 сүңгуір қайығын да әскери теңіз күштеріне бірер жылда тапсырмақ. Одан бөлек ALPAR деп аталатын сауытты машина да екі жыл ішінде пайдалануға беріледі деседі. Бұл техниканы адам басқармайды. Алыстан басқарылады. HYDRO-GIDS дейтін инттеллектуалды қорғаныс жүйесі де осы жылдарда армияға беріледі. Одан бөлек теңіз дрондары, адамсыз жүретін патрулдік қайықтар да күш құрылымдарының қызметін жеңілдетуі мүмкін.
Түріктер ATMACA дейтін құрлықта орналасатын қанатты зымыранды, ÇAKIR қанатты зымыранын, CENK және TAYFUN, BOZDOĞAN зымырандарын пайдалануға беруі мүмкін. TRG 230 кешенінің дрондарға орнатылатын зымырандары да қарулы күштердің қуатын арттыратын құралдардың қатарына кірмек. TCG-İstanbul фрегаты мен TCG-PİRİREIS сүңгуір қайығы осы екі жыл ішінде сынақтардан толық өтіп, теңіз күштері кемелерінің қатарын толықтырады деген болжам бар.
TF-2000. Фото: www.star.com.tr/
Ал TF-2000 жобасы бұрын фрегат ретінде қарастырылса, жобалау жұмыстарындағы өзгерістерге, әскерилердің талабына сәйкес ол эсминец деңгейіне көтерілді. АҚШ-тың Arleigh Burke сыныбына кіретін эсминецтерден кем түсірмеуді көздеген түріктер TF-2000-ні қуатты әуе қорғанысы кешені етпек ниетте. Онда 96 дана MİDLAS VLS дейтін атыс ұяшығы болады. Бұл ұяшықтардан SİPER, HISAR-D RF және ESSM тәрізді әуе қорғанысы зымырандары атылады. Сонымен бірге Quad-Pack жүйесі арқылы жасалып жатқан ESSM зениттік зымыран кешендері арқылы TF-2000 эсминеці бір мезгілде 384 зымыран ату қабілетіне ие болуы ықтимал. Өйткені Quad-Pack дегеніміз әр ұяшықта 4 зымыран орналасатын жүйе. Әрине TF-2000 эсминцінде Arleigh Burke-тердегідей 250 шақырым биіктегі, 500 шақырым алыстағы нысананы атып түсіретін RIM-161 Standard 3 тәрізді зениттік зымыран жоқ әзірге. Бірақ кемедегі қару-жарықтың бәрін түріктер өздері құрастырып жатыр. Әр түрлі қашықтықтағы нысаналарды атып түсіруге қабілетті 384 зымыран дегеніңіз кемені қуатты қару етері сөзсіз. Алайда бұл кеме Түркия әскери теңіз күштеріне алдағы екі жылда табыс етіле қоймайды. Шамамен 2027 жылы суға түсіріліп, сынақтан өтуді бастайды деген ақпарат бар. Қалай болғанда да түріктер қару-жарағын жаңартуда жан-жақты болуға тырысып жатыр. Екі жылда армия мен күш құрылымдарына 71 қару-жарақ пен бағдарлама ұсынуға ниет танытуы соның белгісі.
Oimaqnews
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Бишімбаевтың соты қашан өтетіні белгілі болды
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024