Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- Бүгін, 14:34
- 18
Түркістан облысының Келес ауданында бірнеше ай бұрын әйел адам мен оның 16 жастағы қызы асқан жауыздықпен кісі қолынан қаза болған. Күдікті болған жергілікті тұрғын да көп ұзамай ұсталған. Оған қатысты сот ашық түрде өтетін болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.
Облыстық сотта екі адамды өлтірді деген күдіктінің ісін алқабилер соты Azattyq Rýhy тілшісіне ашық түрде өтетінін растады. Қазір іріктеу процесі жүріп жатыр.
Соттың өзі ашық түрде өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қыркүйек айында Келес ауданы Керегетас ауылында әйел адам мен оның 16 жастағы қызын күдікті асқан жауыздықпен өлтірген болатын. Журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, күдікті мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол 16 жастағы оқушы қызға қырындап жүрген. Қыздың анасы мұғалімнің үстінен арызданып, нәтижесінде ол жұмысынан қуылған.
Қанды оқиға болған күні ол алдымен әйел адамды айуандықпен өлтірсе, артынша оның 16 жастағы қызын да қинап, білгенін жасаған. Екі бірдей адамды өлтірген күдіктінің үш баласы бар, әйелі төртінші баласына жүкті. Өз кезегінде Түркістан облысының білім басқармасы күдіктінің білім саласында жұмыс істемейтінін айтты.
Түркістан облысының полиция департаменті әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Артынша кісі қолынан қаза болған әйелдің өзге екі қызы полицияның қысым көрсеткені туралы хабарлап, видео түсірген болды. Айтуларынша, оларды аудандық полиция бөліміне шақырып, әлеуметтік желіге ақпарат таратқаны үшін ірі көлемде айыппұл салатынын немесе қамауға алатынын айтып, қорқытып, қысым көрсеткен.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.