жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 20:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бірінші қаңтардан бастап екі түрлі жәрдемақының мөлшері өседі

Бірінші қаңтардан бастап екі түрлі жәрдемақының мөлшері өседі
Сурет: pavlodarnews.kz
Қаулы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Жаңа жылдан, 2025 жылдың бірінші қаңтарынан бастап екі түрлі жәрдемақының мөлшері өседі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Үкімет әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы тиісті қаулыны бекітті.

"Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылған және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін жәрдемақы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлғаяды. Оларға қазіргі мөлшердің 6,5% қосылады", – делінген Үкімет қаулысында. 

Қаулы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

2024 жылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері төмендегідей соманы құраған:

• І топ үшін – 95 496 теңге;
• ІІ топ – 76 397 теңге;
• ІІІ топ – 52 089 теңге.  

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар