Александр Вучич Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жариялады.
Бүгін Қазақстан Президентін қабылдау құрметіне ие болдым. Сербия – достарына есігі әрдайым ашық ел, бүгінгі кеш соның айқын дәлелі. Біздің қонақжайлық дәстүрімізді үстел басында анық байқауға болады. Онда біз тамақты ғана емес, бізді біріктіретін құндылықтарды бөлісеміз. Бүгін сыйлыққа қазақтың әйгілі алмасын алдым, – деп жазды Сербия президенті.
Сондай-ақ Александр Вучич Президент Қ.Тоқаевтың сапары Сербия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі бекіте түсетініне сенім білдірді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.