Дзюдодан әлемнің екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақыноваға «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» атағы табысталды.
Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында спортшыға құрметті атақ куәлігін ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады.
«Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атандым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ, Елдос ағам алтын нашивкасына қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым», - деп жазды Абиба өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Сметовке осы біріншілік аясында Халықаралық дзюдо федерациясы жіберген (IJF) арнайы «алтын жазу» табысталды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияда өткен турнирде алтын еншіледі
- авторОймақ
- 10 қараша, 2024